Қырғызстан. Дараут-Қорған ауылына саяхат

Дәстүрін дәріптеген, ата кәсібін ұмытпаған, түркі әлемінің ғажап өлкесі Қырғызстанға саяхатымыз жалғасуда.

Бағдарлама жүргізушісі Самат Толықбай бұл жолы ат басын Дараут Коргон  ауылына  бұрды.

Ұлы Жібек Жолы дәуірінде бұл өлкеде алып қорған болған екен. Ол қазірге дейін сақталған. Елдімекен атауы содан шыққан. Ауылдың дәл ортасында саз балшықтан тұрғызылған, жалғыз ғана үлкен қақпасы бар, тік төртбұрыш пішінді қорған. Екі жақ бұрышында  қарауылдарға арналған  мінбесі бар. Бұл жер мұражай сияқты дәріптелмегендіктен ішінде ешқандай жәдігерлер сақталмаған. Тек қақпасынан сол дәуірдің шеберлері жасаған ою өрнектерін байқауға болады, алайда оның өзі қатты тозғаннан кейін 2010-шы жылдары қайта қалпына келтірілген екен.

Ал ауыл  тұрғындары ғасырлар бойы қалыптасқан ата кәсіптерін, ұлттық тағамдарымен, көшпелі тұрмыстарын бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді. Ендеше, бағдарламамызды көріп, бірге танысыңыз.

Пікірлер