Нұр-Сұлтан. Қаланың өзіне тартатын қандай сиқыры бар?

2017 жылы канадалық профессор, Кембридж университетінің докторы, Франко Альбо өз елінде Қазақстанның елордасы туралы кітап шығарды. ЭКСПО халықаралық көрмесінің қарсаңында бұл кітап үлкен резонанс туғызып, халықаралық қоғамдастықты «бұл қаланың елді өзіне тартатын қандай сиқыры бар?» деген сұраққа жауап іздеуге мәжбүрледі. Ерекше тағдыры бар, бірнеше рет атын өзгерткен, әлі күнге жауабы табылмаған жұмбақтары да көп жас елорда әлемдік деңгейде қызығушылық туғызды.    

Адам баласының қазіргі Нұр-Сұлтан аумағын алғаш мекендей бастаған кезінен қалған іздер сонау Қола дәуіріне тиесілі. Кейінірек бұл жермен талай керуен жолдары өткен, тіпті егіншілердің тұрақты елді-мекені де болды. Ол – Бозоқ қаласы. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай Нұр-Сұлтанның отырықшы халық жайлаған мекен ретіндегі тарихын тереңдете түседі. Бір айта кетерлігі, көне  қаланың орнын іздеу 1998 жылдан бастап қана қолға алынды. Ал негізінде, сондай елді-мекеннің болғаны туралы болжам, бұдан 1,5 ғасырдай бұрын айтылған еді

Пікірлер