Неліктен Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасынан кетіп, «Қайраттың» футболшысы атанды?

Бүгінгі бағдарламамызда Алматыдағы әйгілі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына саяхат жасаймыз. «Қайрат» футбол клубының талантты жас футболшысы Еркебұлан Сейдахметпен сұхбат құрып, сіздерге бочаның не екенін түсіндіріп береміз.

Еркебұлан Сейдахмет – еліміздегі футболсүйер қауымның ауызынан түспейтін санаулы ойыншының бірі. Қазір ол алматылық «Қайраттың» футболшысы. Онымен тілдесіп, бізді қызықтырған бірнеше сұрақ қою үшін тілшілеріміз клубтың базасына барды. Естеріңізге салайық, осыған дейін ол Болгарияның «Левски» және Ресейдің «Уфа» командаларында ойнап үлгерді. 

Еркебұлан Сейдахмет бағдарламамызға берген сұхбатында неліктен Қазақстанға қайта оралғанын айтып беретін болады.

Пікірлер