Каменское плато обсерваториясы

Каменское плато обсерваториясы. Онда баратын болсаңыз, ауа райы бұлтты болмауын ескеру қажет. Сонда ғана Аспан денелерін барынша толық көре аласыздар. Бүгінде сирек экспонаттарды көруге асыққандардың санында есеп жоқ.

Каменское плато – Алматыдағы 3 обсерваторияның бірі. Сонымен қатар ең көнесі де осы. 1941 ғимаратты салу туралы шешім қабылданады. Күннің толық тұтылуын бақылау үшін салынған. Себебі табиғи құбылысты Алматы аумағынан бақылау ғалымдар үшін ыңғайлы болған екен. Бар-жоғы 2 минутқа созылатын өте сирек қайталанатын құбылысты бақылау үшін Кеңес Одағының барлық түпкірінен 28 ғылыми топ жіберуді жоспарлаған да. Өкінішке орай, бұл істің жүзеге асуына II Дүниежүзілік соғыс кедергі келтірді. Сол үшін 28 экспедицияның 7-і ғана келген. Обсерваторияның толық тағдырын бағдарлама барысында біле аласыздар.

Пікірлер