Шетелдік инвесторлар кеңесіне – 20 жыл

Шетелдік инвесторлар кеңесі

2018 жылы Қазақстанда қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға ықпал ету мақсатын көздейтін айрықша бір құрылымның пайда болғанына 20 жыл толады. Құрылым Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторларының кеңесі деп аталады. Кеңестің атқаратын қызметтері мен өкілеттіктері алуан түрлі экономика және қоғамды дамыту мәселелерімен байланысты. Оның жұмысы туралы толыққанды хабардар болу үшін құрылымның тарихындағы кейбір беттерді бірге парақтауды ұсынамыз.

20 жыл бұрын Шетел инвесторлары кеңесінің жұмысына 11 трансұлттық компания мен халықаралық ұйым қатысқан болса, бүгінде олардың саны – 35-ке жетті. Қатысушылардың тек саны ғана көбейіп қоймай, жұмыстарының сапасы да жақсарды. Baker Hughes a GE Company компаниясы «Самұрық Қазынаның» өнеркәсіптік активтерін цифрландыруға қатысуды жоспарлайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

2015 жылдың мамырында VIII Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті көптеген шетелдік қонақтар сенсация деп қабылдаған бір жаңалықты жариялады.

Жаңалықпен бірге мемлекет басшысы жаңа жобамен байланысты 3 түйінді жайтты атап өтті. Көзделетін мақсат – Орталық Азияның қаржылық хабына айналу, құқықтық негіз – ағылшын құқығының принциптері, орналасатын жері – ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің аумағы.

Елордада Халықаралық қаржы орталығының пайда болуы екі перспективалы мақсатқа сай келеді. Қазақстанда инвестицияларды жұмылдыруға және қаржылық технологиялар трансфертіне арналған тұрақты экожүйе қалыптасады. Әлемде жаһандық байланыстарға жаңаша қуат беру мүмкіндігі пайда болады.

Қаржы орталығының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан Лондон, Нью-Йорк, Сингапур және Дубай секілді қалаларда орналасқан әлемнің бұрыннан келе жатқан, беделі күшті, сондай-ақ жас және қарқынмен дамып келе жатқан қаржы орталықтарының бәрінің тәжірибесіне сүйенді.

Пікірлер