Бен Тэйлор

Бағдарламамыздың келесі кейіпкері – Бен Тэйлор. Ол – америкалық және ағылшын тілінен дәріс береді. Бұл салада жұмыс істеп жүргеніне 8 жыл болған екен. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде қызмет етеді. Туып-өскен жері –АҚШ-тың орталығындағы Оңтүстік Иллинойс штаты.  Қазақстанды шексіз сүйетінін және дәл осы елде өзін бақытты сезінетінін жасырмайды. «Қазақстан – менің екінші үйім», - дейді ол.

Беннің отбасы Нұр-сұлтан қаласында тұрады. Оның жұбайы Меруерт – қазақ қызы, медицина саласында қызмет етеді. Ал ұлы Асылхан небәрі 3 жаста.

Пікірлер