Елбасы салған Елорда

Алқызыл алмамен жұпар иісті алмұрт, екеуін будандастырып, жемістің мүлдем жаңа түрін алуға болады. Бұрынғыдан да дәмдірек, үлкенірек, пайдалырақ, шыдамдырақ! Тек көзін тапсаң, бабын жасасаң болғаны.

Өмірде де дәл солай. Еткен еңбегің мен еккен бұтағыңа қарай істің берекесін, жемістің дәмдісін аласың.

Біздің Елбасы осындай бағбандықтың бабын тапқан әке тәрбиесін көрді. Әбіш Назарбаев жер ризығын емген, жемістің түрлі сұрпын алған мықты маман болған екен. Бағбандықтың сырын жастайынан ұққан бала Нұрсұлтан өзінің Бәйтерегін Сарыарқа төріне отырғызды. Тамырын тереңге жайған бұл Бәйтерек – Бейбітшілік ағашы. Әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіріп тұр.

Сол жағалауда тұрғызылған алғашқы нысан осы еді. Айналасында басқа түк жоқ. Осы жерден аз уақыт ішінде аспанмен таласқан ғимараттар бой көтеріп, жап жасыл-желекке айналады дегенге көбі онша сене қоймады. Сенгендері жақын арада бола қоятынына күмәнмен қарады. Тек Елбасы қалтқысыз сенді. Көре білді. Бәйтеректің, басқа да ғимараттардың, тіпті бүкіл қаланың сәулетін сызудан ол сырт қалмады.

Сондықтан Елбасы мен Елорданың қалыптасу тарихын қатар алып қараймыз.

Пікірлер