Ядролық сынақтың құрбаны ретінде неге Семей өңірі таңдалған?

Семей өңірі – Алаш астанасы болған жер. Абай, Шәкәрімді дүниеге әкелген қасиетті топырақ. Алайда бүгінде көп бөлігі қоршаулы. Израиль немесе Бельгия сыйып кететін алып территория жарамсыз күйде. Себеп біреу – бұл жерде атом бомбасы сынақтан өтті.

29 тамыз. Таңғы сағат жеті. Күн шуағын шашып, көтеріліп келе жатқан. Кенет... күннен үзіліп түскендей отты шар көз ілеспес жылдамдықпен жерге қадалып, гүрс етті. Жан-жағын отқа орап, сілкілеп, қайта аспанға көтерілді. Жердің беті күлге айналды. Қолқа қабар түтіннің ащы иісі желмен жан-жаққа тарады. Жыбырлаған жәндік пен жанталасқан жануар сол жерде жанып кетті. Бұл Кеңес Одағы жарған алғашқы атом бомбасы еді.

Тарихта АҚШ атом бомбасын Хиросима, Нагасаки жерінде жарғаны белгілі. Сөйтіп, атом деген аждаһаның жалғыз иегері ретінде әлемге сес көрсетті.

Кеңес Одағы бұл ядролық қару жасауға апыл-ғұпыл кірісіп, атом бомбасының қуаттылығы бойынша нағыз, аяусызын жауап ретінде Семей жерінде көрсетеді.

Пікірлер