Қырғызстанның танымал «Шаттық» би ансамблі

Бағдарлама шығарылымында Қырғызстанның мақтанышына айналған «Шаттық» би ансамблінің шығармашылығы жайлы баяндаймыз.

«Шаттық» би ансамблі – тәуелсіз Қырғызстанның құрдасы. Осы 28 жыл  ішінде бұл ұжым таңғажайып қойылымдары және талантты орындаушыларымен дүйім жұрттың ықласына бөленіп үлгерді. Сондай-ақ бұл ансамбль елдің мәдени өміріндегі барлық маңызды шараларға қатысып келеді. Қырғызстанның брендіне айналған ұжымның бүгінгі таңда шет мемлекеттерде де танымалдылығы артып отыр.

Ансамбльдің 50-ге жуық тәрбиеленушісі бар. Олар биік мақсаттарға талпынады, тәртіпке бағынады, кәсібіне адал және өнерге ғашық жандар. Қазіргі уақытта  «Шаттық» Қырғызстандағы ең беделді, әрі танымал би ансамблі саналады.  Оның мүшелері бұдан да биік белестерді бағындыруды көздейді.

Пікірлер