Шабандоздық өнер

Батыл, қайратты, ержүрек. Бұл мағыналардың барлығы түркілердің бір ғана жігіт деген сөзіне лайықты. Ал атсыз жігіт – жігіт пе? Жалпы барлығы неден бастау алды? Еуразия даласында адам 6 мың жыл бұрын алғаш рет жабайы жылқыны қолға үйретті. Дәл сол уақытта адамзат тарихын түбегейлі өзгерткен адам мен оның айнымас серігі – жылқы арасында нағыз достық пайда болды. Көнеден келе жатқан шабандоздық өнер адам баласы мен Қамбар ата төлінің арасындағы үндестікті барынша көрсетті. Тұлпар – ер қанаты. Шабандоздық өнер қашан пайда болды? Атбегі жылқы үстінде қандай айла-тәсілдерді қолданады? Толығырақ бағдарлама шығарылымынан көре аласыздар.

Пікірлер