Гүлжанат Қабижанованың киізден жасалған тың туындылары

Өмірдің қат-қабат қырларын сан алуан бояумен түрлендіріп, жаныңа шуақ, көңіліңе қуаныш сыйлайтын ғажап дүниелер тудыратын тума таланттар жетерлік. Сондай адамдар қатарында қарапайым заттарды керемет үйлестіріп, қайталанбас образдар жасап жүрген жанның  бірі – Гүлжанат Қабижанова. Ол киізден тамаша туындылар жасап, Батик өнерін дамытып келеді. Суретшінің киізге деген қызығушылығы өте зор. Ол киізді тек материал деп қарамай, оны халқының тарихи төлтумасы ретінде санасына сіңіре білген.    

Пікірлер