«Жолбарыс каллиграфиясының» шебері – Әбдікәрім Иса

Әбдікәрім Исаның қай картинасын алсаң да тек жолбарыстың қайсар бейнесін көруге болады. Суретші сол арқылы өзінің ішкі жан сырын жеткізе білген. Ұйғыр халқы жолбарысты кие тұтқан. Ол туралы аңыздар ауыздан ауызға тарап, оның айбатты бейнесін кілем бетіне түсірген. Десек те осы киелі аңды жеткізудегі автордың көркемдік әдісінің мықты болғаны соншалық, жолбарыс бейнесі алуан түсті абстракциямен ұштасып, шығыстың салт-дәстүрі қазіргі авангардтық үрдіспен үйлесім тауып тұр.   

Әбдікәрім Иса – Францияда өткен Канн көркемөнер фестивалінің айтулы жүлдесіне лайықты болған  Қазақстандағы жалғыз суретші. Өнер додасына әлемнің 300-ге жуық елінен суретші қатысқан. Солардың ішінде Әбдікәрім Исаның бағы жанған болатын. Оның картиналары билбордттарға ілініп, халықаралық кескіндеме өнері топтамасына енгізілді. Милан, Париж, Стамбулда өткен көрмелерде өте беделді әрі кәсіби арт бизнес өкілдерінің өзі қазақстандық суретшінің жұмыстарын мойындап, оған өз бағаларын беріп жатты. Әбдікәрім Исаның Софияда өткен кескіндеме өнері фестиваліне, Мәскеуде өткен  «Арт –Миф» халықаралық  триналлеге қатысқан. Сондай-ақ оның туындыларын әлемнің көптеген еліндегі жеке коллекциянерлерден көруге болады.  

Пікірлер