Болашақ балет жұлдызы – Томирис Қолғанатова

Балет – хореография өнерінің ең биік сатысы. Таң қалдыратын, тамсандыратын музыка. Ә дегеннен-ақ әсемдігімен, жеңілдігімен көрерменді баурап әкететін би – ерен еңбектің, ауыр жаттығулардың жемісі.

Сахнада салмағы жоқ қауырсындай қалықтап, би билеген балериналарды көргенде олардың шын мәнінде адам мүмкіншіліктерінің шегінде күш жұмсап, қимылдайтынын екінің бірі біле бермейді. Сөйте тұра қимылдары еркін, жүздері күлімдеп тұрады. Өзін өнердің бұл саласына арнап, сахнада өмір сүруді таңдаған жандар балеттің ең алдымен көп маңдай терді, өзіңді үнемі жетілдіруді және темірдей ішкі тәртіпті талап ететінін түсінуі тиіс.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Томирис Қолғанатова мұндай қиындықтардан еш қаймықпайды. Өмірін осы бимен байланыстыруға үзілді-кесілді шешім қабылдаған ол балеттің пайдасын сезініп, әр сәттің қуанышы мен ләззатын алуға тырысады. Тіпті халықаралық байқауларда да жүлделі орындарға ие болып жүр.

Томиристің жасы небәрі онда, соған қарамастан алдағы өмірін қай салаға арнайтынын анық біледі. Шынашақтай қыз бала өз бағдарын тапты, оған себепкер болған анасы.

Пікірлер