Гүлзарға толы Алматы

Канзан сакурасы  – кеңінен тараған сұрыптың бір түрі. Гүлдері үлкен болып келеді. Сонымен қатар аяз бен суыққа төзімді. Алайда былтырғы ерекше аязды қыстан аман шыққан ағаштар өте аз. Жемісі кішкентай, қап-қара, әрі ащы болады.

Өткен ғасырда Алматыға келген жапон делегациясы қалаға сакураның 8 ағашын тарту еткен. Содан бері бұл ағаштар шаһардың сәніне айналды. Жапон ағашының жанынан бейжай өткен жолаушы кемде-кем. Табиғат сұлулығының тағы бір айқын белгісі – сакураның жұпар шашып гүлдеуі.

Көктемнің алғашқы күндері-ақ шығатын гүлдер бар. Солардың бірі – Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының маңында отырғызылған сүмбіл. Ландшафт дизайнерлері сүмбілден ортасында қар барысы бейнеленген қала гербін жасапты.

Алматы қаласында өсетін гүлдің түр-түрімен таныс болғыңыз келсе, біздің осы бағдарламамызға үңіліңіз.     

Пікірлер