Әлемнің ең көне оркестрлерінің бірі қайда тұрады?

Саид Рустамов атындағы халықтық музыка аспаптары оркестрі – Әзербайжан мемлекеттік телевизиясы мен радиосындағы маңызды бөлімдерінің бірі саналады. Бағдарламамыздың түсірілім тобы келгенде, ұжым жетекшісі Фаиг Садыхов кезекті туындының дыбысын жазу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Оркестр репертуары үнемі жаңа шығармалармен толықтырылып отырады. Сондықтан музыканттар  аптасына бірнеше рет бас қосып, өз ойларын ортаға салуды дәстүрге айналдырған. Бұл керемет дәстүрдің қалыптасқанына биыл 88 жыл болып отыр. Иә, Шығыстағы  алғашқы оркестрдің осындай бай тарихы бар.

Ұжым 1931 жылдың 1-ші мамырында құрылған еді. Оркестрдің алғашқы жетекшісі танымал композитор, кәсіби әзербайжан музыкасының негізін қалаушы Узеир Гаджибеков болды. Ал оның көмекшісі және концертмейстері қызметіне маэстро Саид Рустамов тағайындалған. 1935 жылдан айтулы тұлғалар репертуарында халық әндері мен билерінің өңделген нұсқасы болған оркестрді басқару тізгінін қолға алды.

1936 жылдың сәуірінде өткен I Бүкілодақтың радио фестивальде ұжым лауреат атанып, басты жүлдеге ие болды. Ал бір жыл өткеннен кейін оркестр Мәскеу мен Ленинград қалаларында концерт берді. Бұл музыканттардың жеткен жетістіктерінің бір ғана бөлшегі екенін атап өткен жөн. Оркестр құрылған күннен бастап, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетіп, дүйім жұрттың ықыласына бөленді.

Пікірлер