Жетісудың жеті өзенінің бірі – Лепсі

OutdoorKZ телеэкспедициясы бүгінгі бағдарламада «Жетісудің жеті өзені» жобасы аясында Лепсі өзенінің жағасына аттанады. Бұл шығарылымда біз өзен суына ілесе отырып, оның Балқаш көліне құятын жеріне дейін барамыз. Қысқаштау мен Өтентай сияқты аласа тауларды зерттеп, жайылма ормандарды аралаймыз, тау етегін мекендейтіндермен  танысамыз, құмды шөл даланы кесіп өтіп, өзен сағасына соғамыз.

Біз бұл шығарылымда арқарлардың қасқырлардан қалай құтылғанын бақылап көреміз. Тасбақалардың күй-ойнақ рәсімімен танысып, еліктердің басы көбеюіне не себеп болғанын естіп-білеміз. Ал тәжірибелі адамдар Лепсінің жағасынан ақбөкендерді соңғы рет қашан көргендерін айтып беретін болады. Сондай-ақ, дуадақ, безгелдек сияқты Қызыл кітапқа енген құстарды көреміз. Бірнеше күн бойы жабайы табиғат аясында, бар өмірін осы бір таңғажайып өлкені қорғауға арнаған адамдардың қасында өмір сүреміз.               

Пікірлер