Александр Базакин. Балалық суреттен нағыз көркем туындыға дейінгі жол

Шығармашылық кез келген адамның бойына туа бітеді, кішкентайында кімнің де болса сурет салуға құмартып тұратыны сондықтан шығар. Ал баланың қиялы шексіз, ойында туындаған кез келген дүниені ол қағаз бетіне жеп-жеңіл түсіре алады. Әлемге әйгілі шығармалардың бізді баурап әкететіні де сондықтан, сурет арқылы біз суретшінің ішкі әлеміне үңілеміз.

Біздің бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкері – жас суретші Александр Базакин. Александр түстерді, стильді өзінше сезінеді, бейнені ерекше көзқараспен көреді және оны тура сол қалпында кенеп бетіне түсіре біледі. Өзінің қабілетінің арқасында бала суретші Қазақстан аумағында ғана емес, әлемдік аренада да ең дарынды жас суретшілердің бірі деп танылды.

Пікірлер