Алып адамдар жер бетінде тіршілік етті ме әлде аңыз ба?

Алыптар дегеніміз кім? Олар тек мифологиялық кейіпкер ме әлде шынымен байырғы заманда өмір сүрген қауым ба?

Әлемдегі кез келген халықтың аңыз-әңгімесінде алыптар жайында сөз болады. Мұндай әпсаналарды тыңдайтын болсақ, онда алыптардың кәдімгі адамдармен қатар өмір сүргенін де байқауға болады. Олардың кейбірі зұлымдық жасап, жаман іспен шұғылданса, басқалары – адамдарға көмектесіп, қашан да қол ұшын беруге дайын тұратын мейірімді кейіпкерлер. Сонымен қатар алыптардың өзі бірнеше түрге бөлінеді екен. Мысалы, жалғыз көзді, тастан жаралған, екібасты немесе жануар секілді денесінің түгі бар тіршілік иелері болған көрінеді.

Қазақ мифологиясында да осындай кейіпкерлер баршылық. Олар жайындағы аңыздар ауыздан ауызға тарап, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Тіпті өткен ғасырдың 90 жылдары БАҚ беттерінде сенсациялық жаңалық жарияланды. Онда ел аумағынан табылған алып адамның ізі туралы айтылды. Көп ұзамай ғалымдар ертегі кейіпкерінің сүйегін қазып алған деседі.

Алыптар қайдан пайда болды? Олардың жер бетінде тіршілік еткенін дәлелдейтін айғақ бар ма? Алыптар қашан және қайда өмір сүрді?

Пікірлер