Гүлфарида Жаниярованың қуыршақтарға толы көрмесі

Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейін өнер сүйер қауым ерекше мақтан тұтады. Атылмыш өнер шаңырағында суретші Гүлфарида Жаниярованың жеке көрмесі осымен 3-ші рет өткізіліп отыр. Көрмеге 50-ге жуық жұмыс қойылған. Авторлық қуыршақтар, көркем кескіндеме, сәнді панно – осылардың барлығы суретші  шығармашылығының жан-жақтылығын көрсетіп тұрғандай.   

Гүлфарида Жаниярованың жасаған әрбір жаңа туындысы суретші шығармашылығын құрметтейтіндер үшін  үлкен мерекеге айналғандай. Сондай кезекті сән салтанатқа толы өнер кеші автордың қолынан шыққан қуыршақтарға арналды. Бірінен бірі өткен ханшайымдар, сайқымазақ, қылжақбас, патша, данышпан және аңыз-әңгімелердегі батырлар секілді ертегі кейпкерлері жұртшылықтың көз қуанышына айналғандай.

Пікірлер