Джузэппе Баллокки: Қазақстан Орталық Азияның өз Швейцариясына айналуы тиіс

Бүгінгі бағдарламыздың қонағы – Джузэппе Баллокки, CFA институтының экс-басқарушысы.

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында CFA жергілікті өкілдігінің ашылуы жоспарланып отыр. Компания клиентеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынбақ. Енді белгілі бір оқуы орнына түсіп, өз біліктілігіңді арттырмай-ақ кәсіби тұрғыда халықаралық деңгейде танылған CFA сертификатын алуға болады екен. Сондай-ақ қаржылық сауаттылықты ашу немесе  MBA магистрі атанбай-ақ кәсіби шеберлігіңізді жетілдіру мүмкіндігі туды. Сертификат әлемдік қауымдастықпен мойындалған.

«Астана» халықаралық қаржы орталығымен оның жанында жұмыс істейтін үздіксіз кәсіби даму бюросы және біздің CFA институты арасында көптеген ұқсастықтар бар. Біздің мақсатымыз бір – ол инвестиция саласының мамандарын халықаралық стандарттарға сай оқыту. Сондықтан осы бағыттағы әріптестік аясы кеңейіп келетініне өте қуаныштымын», - дейді Джузэппе Баллокки.

Пікірлер