Динара Сәдуақасова: Шахмат жарыстарына дайындалуға күніне 8-9 сағатымды жұмсаймын

Бүгінгі бағдарламада сіздерді елордадағы су жаңа жекпе-жек сарайымен таныстырамыз. Нысанның құрылыс жұмыстары бес жылға дейін созылды. Енді міне, көптен күткен кешен ашылып, сіздер мен біздер бірге аралауға мүмкіндік алдық. Онда күрес түрлерінен, каратэ мен таэквондодан және баскетбол, волейболдан жарыстар өткізуге болады. Кешен «Самұрық-Қазына» қорының қаржысына салынды. Енді бұл нысан мемлекеттің қарауына беріледі. Осы жұмыстар аяқталған соң, спорттық үйірмелер де өз есігін ашады. Жекпе-жек сарайы қанатын қомдаған бүркіт бейнесінде салынған. Бұл Қазақстанның басты нышандарының бірі. Кешен төрт қабатты және бірнеше бөліктен тұрады. Ғимарат жанында үлкен көлік тұрағы мен шағын футбол алаңы бар.

Бағдарламызда әрі қарай Динара Сәдуақасовамен құрған ауқымды сұхбатымызды көре аласыздар. Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында Азия чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық шахматшы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ елшісі. Динара 2016-шы жылы 20 жасқа дейінгі жастар сайысында әлем чемпионы атанды. Қазір ол бұрымды ойыншылар арасында үздік 20 шахматшының қатарына кіреді. Халықаралық гроссмейстер деген атағы да бар. Бағдарлама барысында шахмат тәжі, әлеуметтік желі және өзін-өзі дамыту жөнінде әңгіме қозғалатын болады.

Соныман қатар еліміздегі ең табысты баскетбол клубында болашақ жұлдыздарды қалай дайындайтынын көреміз.   

Пікірлер