Роза Мұқанова: Мені арбаумен келе жатқан бір тақырыбым бар...

Роза Мұқанова – жазушы, драматург. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Көпшілікке «Мәңгілік бала бейне», «Сарра», «Шатыр астындағы Мен» секілді бірқатар туындыларымен жақсы таныс.

Қазіргі таңда Роза МұқановаҚазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Ұстаздықпен бірге шығармашылықты қатар алып жүрген талант иесі. Автор өз әңгімелерінде адам тағдырын, оның ішінде көбіне көп қазақ әйелінің жан сұлулығын суреттейді.

Алайда жазушының 9 жыл бойы арбаумен келе жатқан арман тақырыбы бар екен. Мақсаты - сол тақырыпты соңына дейін жеткізу. Сұхбат барысында оның жарыққа шығатын уақыты келеді деп уәде берді. Өйткені шығарманың 50 пайызы дайын екен. Жанры – драматургия. Ал тақырыбы әзірге құпия.

«Мен драматургияға бірінші прозамен келдім. Әңгіме жаздым, хикаяттар жаздым. Алғашында мен драматург боламын деп ойлаған жоқпын. Мені драматургияға режиссерлер алып келді», - деп, кейіпкеріміз драматургиядағы алғашқы қадамдарын баяндап берді.

Пікірлер