«Астана» халықаралық қаржы орталығы

Орталық Азияда орналасқан Қазақстан өз астанасы үшін өте қолайлы жерді таңдап алған. ЭКСПО-ның футуристік нысандары Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымын дамыту үшін объективтік фактор ретінде айрықша үйлесімін тапты. Қала басшылары оларды ұтымды түрде пайдалануда. Мысалы, С3.4 павильондарында «Астана» халықаралық қаржы орталығының кеңселері орналасқан. Олар Қазақстан экономикасына шетелдік және отандық капиталды белсенді түрде тартуды ынталандырады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Орталық Азиядағы ең ірі қаржылық хаб. Оның құрылымы мен жұмыс істеу принципі ТМД елдеріндегі өзі тектес алаңдардан айтарлықтай ерекше. Біріншіден, бұл жерде арнаулы құқықтық және салықтық жүйе әрекет етеді. Екіншіден, Қаржылық орталық ағылшындық құқықтар принципіне сәйкес қызмет көрсететіндіктен, іс қағаздары да ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл Гонконгтан бастап Нью-Йоркке дейінгі барлық ең ірі әлемдік қаржы орталықтары қолданатын қағидаларды кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет пайдалануымен ерекшеленеді.

Пікірлер