«Astana Hub» халықаралық технопаркі

«Astana Hub» халықаралық технопаркі – қазіргі таңда Қазақстанда іске асырылып жатқан ең ірі «цифрлық» жобалардың бірі. Аталған кәсіпкерлік алаңының ең басты мақсаты – отандық экожүйе стартапын қалыптастыру және бизнестің барлық сатысына, идея пайда болғаннан бастап шетелдік нарыққа шығу кезеңіне дейін қолдау көрсету.

Қазіргі таңда республикамызда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. «Цифрлық» мемлекет, адами капитал, электрондық экономика, телекоммуникациялық инфрақұрылым және ең бастысы – жаңа идеялар туындайтын инновациялық экожүйе оның ең маңызды мақсаты болып саналады. Соңғы аталған саланы қалыптастыруда IT-стартаптардың «Astana Hub» халықаралық технопаркіне басты рөл жүктелген және ол соңғы 9 айдың ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

Пікірлер