Нұр-Сұлтан қаласындағы Павел Шороховтың мүсіндері

Мүсінмен айналысатын адамдар ерекше болады. Олар мүсін жасайтын материалға да  ерекше қарап, оның астарындағы әдемілікті де өзінше қабылдайды. Павел Шорохов – сондай ерекше адамның бірі. Қаламыздың  кез келген жерінде жарасым тауып тұрған оның әдемі мүсіндерін көрмеу мүмкін емес. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ республиканың  басқа да қалаларындағы мүсіншінің кез келген еңбегін көргенде олардың айрықша әсемдігіне  қайран  қаласың!  

Мәселен, «Дөңгелек алаңдағы»  көпір үстінде шығыршық теуіп тұрған жатқан қыз, еліміздің бас шаһары Нұр-Сұлтан қаласындағы субұрқақ жанында тұрған  қос ғашықтың бейнесі, «Астана Триумф» кешені қасында құсты ұшырғалы тұрған бала...  Бұл мүсіндердің барлығын  қала жұртшылығы жақсы біледі және оларға үлкен құрметпен қарайды. Бұл туындылардың да авторы – Павел Шорохов.

Шороховтың шығармашылығы мен өмірбаянына бағдарлама барысында куә бола аласыздар.

Пікірлер