Назарбаев Университетінің инновациялық жобалары

Назарбаев Университеті кампусының аумағы 146 гектарға жуық жерді алып жатыр. Аталған алаңда 70 ғылыми және оқыту зертханалары, бірнеше әкімшілік ғимраттары, сондай-ақ технопарк орналасқандықтан, қала ішіндегі қала деп те атауға болады.

Назарбаев Университетінде студенттер мен оқытушылар үшін арнайы жасақталған 8 инновациялық мектеп дәріс береді. Олар студенттерге өз беттерінше оқумен қатар, саналы түрде ойлануды қоса үйретіп, ақыл ойларын қажетті бағытқа бұрады. Қазіргі заманда күн сайын технологиялық революциялар болып жатқандықтан, Назарбаев Университетінің инновациялық мектептері мәселені шешудің негізгі кілті – елден ерекше ойлану білу деп санайды және оқушылардың бойына осы қасиетті дарытуға ұмтылады. Сондықтан түлектерінің кез келген өнеркәсіп саласында,  мемлекеттік мекемеде жұмыс істей алатынына кепілдік береді.

Назарбаев университеті инновациялық кластерінің «Өзегі» - ол  Astana Business Campus. Оның мақсаты – шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылыммен айналысатын шағын және орта бизнесті, яғни уақыттан озып, идеялары мен армандарын іске асырушыларды бір жерде біріктіру. Astana Business Campus арқылы ойларын іске асырған стартапшылар арасында ЕГІСТІК деп аталатын егін егілген жерлерді технологиялары бойынша қашықтықтан зондтауға мониторинг жүргізу қызметі ерекше орын алады. Аталған компания бірнеше рет қаржыландырылып, қазіргі таңда қызметтерін сәтті жүргізуде.

Пікірлер