Мұрат Ерғалиев, «Жас қанат» байқауының бас продюсері

«Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауы 1992 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Музыкалық байқаудың арқасында отандық эстрадада жаңа жұлдыздар пайда болып, олардың көбі бүгінде шетелде де танымал. Бүгін біз аты аңызға айналған жобаның тарихы туралы Мұрат Әжімұлы Ерғалиевпен әңгімелесеміз.

- «Жас қанат» байқауы - тек мәдени өмірде ғана емес, жалпы ел тарихында да, оның құрылуы мен өркендеуі ең қиын, бірақ жемісті және қызықты жылдарға келді. Сахнада көрермендер нағыз керемет концерттерді көрді, бірақ сол заманда осындай ауқымды байқауды ұйымдастыру оңай болмады ғой?

- Тәуелсіздіктің келуімен көптеген адамдар арманын жүзеге асыруға мүмкіндіктері пайда болды. Бірақ, осы ретте айтып өту керек, «Жас қанат» байқауына дейін бір жыл бұрын «Азия дауысы» пайда болды. «Азия дауысы» байқауын өткізу туралы қаулыға сол кездегі Министрлер Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі қол қойған болатын. Ол «Азия дауысы» байқауында болды. Ал егер шығармашылық жағы туралы айтатын болсақ, алғашқы екі байқауда білесіздер, сол кездегі жарық жұлдызымыз Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, «Дос-Мұқасан» ансамблі және Ақжол Мейірбеков болды. Қазақ концерттің ресми жұлдызды солистері. Олар қатысушылар болды, ал  басқа эстрадалық жұлдыздары бізде болмады. Сол кезде Мәдениет министрлігінде қызмет атқаратын жігіттер келіп, маған  былай дейді: «Мұрат, біз байқауды ашқанымызды түсінесің, біз Мәдениет министрлігі бола тұра әлемдік деңгейге өзіміздің жас әртістерімізді шығара алмайтынымызға шыны керек ұяламыз, бір байқау ойлап табайық». Мен, әрине, келісетінімді айттым. Осылайша, 1992 жылы «Жас қанат» байқауы дүниеге келді. Қателеспесем, 12 сәуір күні.

-  «Жас қанат» байқауы  отандық эстрада үшін сұранысқа ие жас әншілердің жаңа буынын әкелді. Оның ішінде, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, «Үркер» тобы, Нұрлан Абдуллин, «Яшлық» тобы, Бауыржан Исаев, Мәдина Сәдуақасова және тағы да басқа танымал орындаушылар. Ал «Азия дауысы» жобасына келсек, онда Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Алла Пугачева, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Boney-M және шетелдік эстрада жұлдыздары келіп өнер көрсетті. Медеу мыңдаған көрерменді жинады, билеттер байқаудың басталуына жарты жыл бұрын сатылып кететін. Бұл, шын мәнінде, ажиотаж болатын. Сіз соншалықты қуатты қайдан алатынсыз және оны қалай осы күнге дейін жоғалтқан жоқсыз?

- Сіз менен маған күш-қуатты не береді деп сұрап отырсыз ғой. Мен мінбеге мініп қарағанымда, Медеудегі көрермендердің жарқыраған көздерін, бақытты көздерін көргенімде жылағым келді. Бақыттан жылағым келді. Міне, мені осы шабыттандырды, содан кейін менің өмірімнің екінші кезеңі басталды. Менің екінші өмірім, екінші шындығым. «Азия дауысының» салтанатты шарасы. Шараға қатысушы әртістерді іздеуім, меніңше, менің өмірімдегі басты іс болған секілді.

- Патрисия Каас, Тамара Гвердцители, Лайма Вайкуле, біздің білуімізше, аты аталған әншілер сіздің ең сүйікті орындаушыларыңыз. Сіз оларды «Азия дауысы» жобасына шақырғансыз. Айтыңызшы, олармен достасу мүмкіндігіне ие болдыңыз ба және қазіргі таңдағы ара-қатынастарыңыз қандай?

- Мен олардың дауысына ғашық болдым. Олардың өздеріне ғашық болдым. Өзіме мақсат қойдым, Медеу сахнасына «Азия дауысы» фестиваліне оларды шақырамын деп. Солай, продюсерлерді таптым, 90-шы жылы ма, әлде 92-ші жылы ма, Ресейде Патрисия Кааспен байланысы бар адамды таптым. Концертте өнер көрсетуін ұсындық. Әрине, ол кезде біз ешқандай қаламақы ұсына алмадық. Десек те, біздің жағдайды түсінген ол, келетін болды. Өйткені өзі Азияда ешқашан болмаған екен. Сондықтан ол келісімін берді. Біз оны түсірілімдеріміз үшін және оның саяхаттауына жағдай жасау мақсатында вертолетпен сапар, Шымбұлаққа, Көлсайға, Шарын шатқалына, тіпті біз оны базарға да апарған едік.

- Не себепті базарға?

- Шығыс базарына, ол ондайды көрмеген. Шығысты көрмеген екен, біз оны апардық. Тамара Гвердцителимен мен өзім жеке байланысқа шықтым. Білесіз бе, мен сізді өте жақсы көремін, ол кезде біздің фестиваль танымал болатын, сондықтан айттым: бізде өнер көрсетсеңіз қалай деп. Әрине, Мәскеуде ол кезде «Азия дауысына» келу, өнер көрсету беделді болып саналатын, ол анасымен бірге келді. Сосын ол айтты, маған мұнда қатты ұнады, осында біраз уақыт тұрақтасам болады ма деп?! Біз оған бір апта бойы тауда орналасқан пансионаттан орын алып бердік. Ол демалысын сонда өткізді. Ал Лайма Вайкулимен біз көп рет кездестік, ол иттерді жақсы көреді, мен де ит асырағанды ұнатамын. Бір күні қызық оқиға болды. Мен оған айттым: -«Лайма, сен маған ренжімейсің бе, егер мен саған бірдеңе айтсам?», ол маған «Не?» дейді? «Сен білесің бе, мен өзімнің итімнің атын «Лайма» деп қойдым», - дедім. Ол күлді де, «Буйнов та солай қойған, ештеңе етпес, тіпті жақсы болды», - деді.

- Яғни ол, әзілді жақсы қабылдайтын адам болғаны ғой?

- Ол итке өзің жақсы көретін адамның атын берудің қандай екенін біледі. Бұл қалыпты жағдай.

- Сіз өмірде талантты ең жоғары бағалаймын деп айттыңыз, сіз адамға тек талантты болғаны үшін ғана ғашық боласыз. Сіздің ойыңызша, талант дегеніміз не? Бұл Құдайдың берген сыйы ма? Әлде күш-жігер, табандылық пен еңбек пе?

- Талант - бұл Құдайдың берген сыйының көрінісі. Құдайдың бергені немесе ата-анасының бергені. Болмаса, қан арқылы  берілген. Сенің бойыңда ерекше вокалдық талантың болуы мүмкін. Сол вокалдық талантың керемет сахналық техникамен толысып, сыртқы бейнеңмен, келбетіңмен сай келісіп жатса, меніңше, бұл Құдайдың берген мүмкіндігі. Бұл талант. Құдай саған талант берді, бірақ Димаш сияқты данышпан болу үшін, ол секілді сахнаның ханзадасы болу үшін, үлкен еңбек керек. Еңбек, әрі қарай бұл еңбек еленуі керек. Маған Димаш Қытайда, жоба кезінде қандай қиыншылықтармен тоғысқанын таңертеңнен түнге дейінгі дайындықтары, таңертеңнен түнге дейін барлық мамандармен жұмыс істеуі, ұйықтауға уақыты болмағандығы, ал егер уақыт болып жатса, физикалық босаңсу болмағандығын айтқан. Сондықтан да  қиын. Димаштың сол мектепті қиындықтарға қарамастан өткені, Өз талантын еңбектің арқасында шыңдағандығы дұрыс болды. Ол солайша данышпандыққа жақындай түсті. Қазір ол данышпан емес, ханзада. Бұл дарынды адамның үлкен танымал тұлғаға айналуына бір ғана мысал.

- Әрине, сіздің жадыңызда жарқын, есте қаларлық, тіпті күлкілі оқиғалар да болған шығар кейін өміріңізде өз ролін ойнаған? Сол туралы айтып берсеңіз?

- Бірде қонақ үйден жарысқа қатысушыларды дайындыққа алып келетін автобустан маған хабар келді. Сағат 09.00-да біз қонақ үйден кетуіміз керек деп. Мен олардан: «Барлығы дұрыс па? Барлығы үлгерді ме?» деп сұрасам, «Иә, Димаш Құдайберген кешігіп келді», - дейді. Мен оларға, «Сіздер оны күттіңіздер ме?» десем, «Жоқ, әрине», - дейді. мен «Дұрыс» дедім! Ал өзім мына жақтан, оны кешіккендігіне қарамастан байқауда алып қалудың амалын ойланып тұрдым. Ал Димаш болса, бірінші қатарда жылап отырды.

- Ол 2012 жылы болған оқиға ғой?

- Иә, 2012 жылы. Мен: «Мен бүгін грим бөлмесінің кілтін кім бергенін білгім келеді» десем, маған Маша апайды шақырып берді. «Маша апай, бүгін бірінші грим бөлмесін кім ашқан?» десем, «Анау бойы ұзын, жақсы ән айтатын бала», - деді. Маша апайдың арқасында біз Димаштың автобусқа не себепті кешіккенін білдік. Ол автобустан ерте келіп, кілтті алған. Яғни, Димаш автобусқа кешікпеген. Міне, жауапкершілік! Міне, біздің адам деп айта аламын. Осылайша, ол біздің сахнаға кездейсоқ оралды. Олай болмауы да мүмкін еді, оның тағдыры өзгеріп кетуі мүмкін еді. Бүгінде Димаштай әншіміздің арқасында ұлттың тағдыры, мәдениетіміздің тағдыры өзгереді. 

Пікірлер