Мұстафа Шоқай

Шоқайдың сауат ашуына үйінде сақталған ескі қолжазбаларға деген құрмарлық себеп болады. Көненің көзіндей сақталып, сарғыш тартқан кітаптарды қолына алып, кеберсіп қалған қағаз беттерін парақтағанда оның кеудесін қуаныш кернейтін. Қаріп танымаса да, араб жазуларының өрнегіне өзгеше ықыласпен қарап, ықылым дүниенің құпиясына ынтыға үңілетін.

Пікірлер