Ордабасы қойының артықшылығы неде?

Қой шаруашылығы – мал шаруашылығының басты саласының бірі, әрі қазақ даласы дәл осы кәсіппен айналысуға ең қолайлы мекен. Сан ғасырлар бойы жерімізбен ауа райымызға бейімделіп, уақыт өте сұрыпталып шыққан біздің елге тән бірнеше қойдың тұқымдары да қалыптасқан.

Әрине, еліміздің әр өңіріне тән қойлардың атаулары да алуан түрлі. Десекте суық пен ыстыққа төзімді, сирақтары ұзын, құйрықты, етті деген сияқты барлығының да ұқсас тұстары бар. Яғни бүгінгі бағдарламада қазақ даласының саулықтарымен, оның ішінде Түркістан облысына тән тұқым Ордабасы қойымен танысатын боласыздар. Ғалымдардың айтуынша, Ордабасы тұқымы салмағы мен жетілгіштігі жағынан қазақтың қылшық жүнді қойынан 10-15 пайызға асып түседі екен. Шөлге төзімді бұл қойдың саны бүгінде  100 мыңнан асқан.

Шымкент қаласынан кез келген бағытта жүз шақырымдай жол жүрсеңіз неше түрлі қоражайларға, жайылымда жүрген отар отар қойларға тап боласыз. Ендеше, бізбен бірге кеттік!

Пікірлер