Қансонарда бүркітші шығады аңға...

Мейлі қаланың мейлі даланың адамы болса да, құсбегілік, атбегілік, саятшылық сияқты өнер әр қазаққа таңсық емес. Өйткені қанымызда бар. Және өзгелерге тарихымызды таныстыруды да дәл осылардан бастайтынымыз тағы рас. Олар көшпелі халықтың мәдениетін қалыптастырып, жеті қазынамызға айналған. Бүгінгі шығарылымда бағдарлама жүргізушісі Самат Толықбай жылқы баптап, қолына қыран қондырып, жүйрік тазыларды жүгіртетін болады. Аталмыш қазақ өнер түрлерін бабаның жолын жалғап, өнерін дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып жүрген «Топжарған» атты этно өнер орталығы жәрдем беретін болады. Бұл орталықтан дәстүр мен ұлттық өнерге қатысты дүниелердің барлығын табуға болады.

Көшпелі халықтың саятшылық тұрмысын бірге кешкіңіз келсе, бағдарламамызды көріңіздер.

Пікірлер