Ілияс Фаткулин: Мен ешкімнен кем емеспін

Ілияс Фаткулиннің бүгінде екі көзі де көрмейді. Тек жарықты ғана сезетін мұндай қасіретке ол 16 жасында тап болады. Алғаш Мәскеуде көздеріне тор қыбығының сыдырылуы бойынша ота жасалғанда, тағдырдың жазғаны ма, бұл операция көз жүйкесіне кері әсер етіп, соның салдарынан көру қабілетінен бір-ақ айрылады.

Әрине, күтпеген жерден болған оқиғаға ол есеңгіреп қалады. Себебі өздігінен бұрынғыдай жүріп-тұра алмайтынын сол кезде ғана біледі. Бір жыл бойы сары уайымға салынып, кейін бұл күйзелістен шығуға тек өзіне өзі ғана жәрдем, жігер бере алатынын түсінеді.

Ал бүгінде 25 жастағы Ілияс көздері көрмейтін зағип жандарға «бағыт-бағдар» бойынша дәріс беріп жүр. Сондай-ақ спорттың түрлі секцияларына қатысып, веломарафонда да бағын сынап жүр.

Пікірлер