Ерліктің символы болған ежелгі Отырар

Бағдарламада түсірілім тобы көне қала Отырарға аттанады.

Арыс пен Сырдария өзендері тоғысатын жерде Отырар қаласы орналасқан. Отырар – қалалық өркениеттің ірі орталықтарының бірі болған әрі Қазақстанның көне қалаларының бірі. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамдар бұл жерлерді б.з.д. I ғасырда игере бастағаны дәлелденді. Ортағасырлық қалалардың басым бөлігінің тарихы Отырардан басталады. 

Ежелгі Отырарды әйгілі Шыңғыс хан жаулап алмақшы боған кезде қаланы билеген Қайыр хан әскерімен бірге қоршау салып, 6 ай бойы ерлікпен қорғайды. Тіпті қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазады. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салады. Алайда талай ғасыр бойы гүлденген Отырарды моңғол әскері қиратып, өртеп, халқын қырып тастайды.

Қазақстанның Оңтүсітігінде орналасқан көне қала Отырардың тарихымен терең танысу үшін бағдарламасызға үңіліңіз.

Пікірлер