Қазақтың қаһарман батыры әрі жазушысы – Мәлік Ғабдуллин

Соғыста өз әскерін жеңіске жетелеп, рух бере білген қолбасшы ретінде Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры Мәлік Ғабдулиннің кеудесіне Ленин ордені, Қызыл Жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендері тағылады. Майданға өз еркімен аттанған Мәлік Ғабдуллин генерал Иван Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясына барып түседі.

Соғыс аяқталған соң ол жазуға ден қойды. «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері, «Достар, жолдастар туралы», «Ызғарлы жылдар». Қарапайым тілмен жазылған соғыс уақытындағы оқиғаларды оқырман қызыға оқыды, жылы қабылдады. Мәлік Ғабдуллиннің қаламынан махаббат пен бақыт, жалынды жастық өмір жайлы тамаша шығармалар туды.

Әйгілі тұлғаның өміріндегі көп айтылмаған мәліметтер, ашылмаған парақтар жетерлік.  Бағдарлама жаужүрек жауынгер, елінің патриоты болған тұлғаның тағдырына арналады.   

Пікірлер