Астана – әлем қаласы. 1 бөлім

Қазақстанның тарихы қандай қызық болса, елордасы Астана қаласының тарихы да кем түспейді. Қала келбеті бүгінде әсемдігімен таңғалдырады. Шаһардың тарихына үңілсек, жұтты да, Кеңес Одағының құлауын да, бірнеше экономикалық дағдарысты көргеніне қарамастан, қайтадан еңсесін тіктеп, ең басты байлық – тәуелсіздіктің символы болып саналатын елордаға айналды. Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол әлемдегі ең жас елорда болып саналады. Астана – қарапайым қазақ тілімен айтқанда, «бас қала» деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алатыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде қабылданып, Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алады.

Сәулет өнерінің бірегей кешендері, қала тарихы мен құрылысы, тұрғындары мен әлеуеті жайлы толығырақ бағдарлама барысында біле аласыздар.

Пікірлер