Жүзу спортының ханшайымы – Зүлфия Ғабидуллина

5 жасында көшеде анасымен жолдан өтіп бара жатқан сәтінде мотоциклдың астына түсіп қалып, тағдырдың тәлкегін тартады. Басы зақымданып, қол-аяғы, омыртқасы сынады. Кішкентай қыз 1 жыл бойы гипске оранып, төсек тартып жатады. Кейін дәрігерлердің көмегімен, төсектен қайта тұрып, жай ғана жаттығулардан басталған әрекет алдымен жеңіл атлетика, кейін спорттың түр-түріне ауысады.

Арбадағы би жарыстары, жүзу бойынша бірнеше сайыстарға қатысып, бағын сынайды. Бүгінде Зүлфия Ғабидуллина – Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы алғашқы медальды жеңіп алған спортшы. Зүлфия Ғабидуллина спортқа бейімделу мақсатында осыдан 26 жыл бұрын келген. Жүзумен кәсіби түрде 2007 жылдан бастап шұғылдана бастайды. Жасына қарамастан, өзінің сүйікті ісіне жауапкершілікпен қарайтыны жаттықтырушыларын әлі күнге дейін таңғалатындарын жасырмайды.

Пікірлер