Вадим Чепик: Өзімді аяуды доғардым

Бағдарламамыздың бүгінгі кейіпкері 2 жасында сал ауруына ұшырап, ата-анасы оған ота жасатуға мәжбүр болады. Кейін Вадимді анасы күшпен спортқа беріп, бұл жағдай өмірін түбегейлі өзгертеді.

Вадим кішкентайынан дертінің зардабын тартқанмен, мойымады. Күресті, аяғына тұрды. Қазір 12 мүшесі сау адамдардай жұмыс істейді, тіпті дені сау адамдарды да жаттықтырады. Бүгінде Вадим Чепик Дәстүрлі әскери тәжірибелер жаттықтырушысы. Көбінесе, адамның өзін өзі қорғау әдістерін жете түсіндіреді, үйретеді.

Пікірлер