Қазақстанның тумасы Шухрат Миталипов Американың белді генетигіне айналды

Бағдарламамыздың бұл шығарылымында Талдықорған қаласының тумасы, генетик Шухрат Миталиповтың АҚШ-тағы ғылыми зерттеу зертханасына саяхаттайтын боламыз.

1995 жылдан бастап сол елде тұратын ол үгінде генетикалық аурулардың ата-аналардан балаларға берілуінің алдын алу әдістер әзірлеуге бағытталған Орегон денсаулық және ғылым университетінде Зерттеу орталығын басқарады. Сондай-ақ Шухрат Миталипов Орегон Зерттеу орталығының профессоры, медициналық био-инженерия кафедрасы акушерлік және гинекология, педиатрия кафедрасы, Корольдік жүрек-қан тамырларының институты, OHSU медицина мектебінің профессоры болып табылады.

Шухрат Миталипов 2013 жылы науқастарға айрықша бағаналы жасуша жасау үшін клондау арқылы адам эмбриондарын жасап шығарды. Тағы бір айта кететін жайт, профессор Миталипов, адам эмбриондары мен аналық ұрықтарына тәжірибелер өткізуге рұқсат алған тұңғыш ғалым.

Бағдарламамыздың бұл шығарылымы өте қызықты болмақ, қапы қалмай, көріп шығыңыз!

Пікірлер