Жүргенов салған сара жол

1936 жылы Мәскеуде қазақ мәдениетінің он күндігі өтеді. Маңызды шараға жауап беру Темірбек Жүргеновке жүктеледі. Ол Сталиннің алдына шығудың қаншалықты маңызды екенін түсініп, шараға аса ыждағаттылықпен, жауапкершішікпен араласады. Күміс көмей, бұлбұл әнші Күләш Бәйсейітованың дауысы, Шара Жиенқұлованың мың бұралған билері, Ахмет Жұбанов жетекшілік еткен халық аспаптар оркестрі ешқандай нотаға қарамай күмбірлетіп күй төккенде тыңдарманның төбе құйқасын шымырлатады.

Концерттен кейін зал тікесінен тік тұрып, өнерпаздарға зор хошемет көрсетеді. Ал Темірбек Жүргеновке 1936 жылы ең жоғарғы мемлекеттік марапат – Еңбек Қызыл ту ордені табысталады. Алайда сол кездегі керемет құрмет, асқақ ардақ пен абыройлы мадақтың бәрі 1 жыл өткенде мүлдем басқа өңге айналып шыға келеді. Енді Жүргенов сатқын, жансыз, лаңкес деген жаламен тұтқындалады. Неліктен? Елім деп ертелі кеш табан ет, маңдай терін төккен ері үшін... Қалай? Халықтың сауатын ашып, санасына сәуле құйғаны үшін бе?

Қазақ АССР-нің халықтық ағарту комиссары болады. «Әрбір мұғалім кем дегенде 35 адамды оқытуға міндетті»! Жүргенов дәл осындай ұранмен Республиканың барлық түкпірінде алты айлық білім курстарын ашады. Сөйтіп 1934-жылы Қазақстанның мәдниеті мен білім беру саласында төңкеріс жасалып, жүздеген мың оқулықтар басылып, жұртқа жаппай таратылады. Ал оқуға тартылған жандардың алды бір миллионнан асады. 3 жылда тек Алматының өзінде 18 мектеп салдырады. Әлде осы жасаған игі істері үшін бе? Бұл сан сауалдың жауабын бағдарлама бырысынан біле аласыздар.

Бағдарламамыздың бұл саны мемлекет қайраткері, журналист, халық жанашыры, қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Темірбек Жүргенов жайында болмақ.

Пікірлер