Ғазнауи әулетінің билеушісі – Махмұд Ғазнауи

Алғашқы ғазнауилердің бірі, Ғазнауи әулетінен шыққан билеуші Махмұд Ғазнауи 971 жылы дүниеге келді. Ол Мәуеренахрды билеген саманилердің әмірі Себуктегіннің ұлы болған. Себуктегін 997 жылы қайтыс болып, Исмаилды өзінің мұрагері етеді. Басында Махмұд бұл шешімге қарсылық көрсетпеген. Бірақ Исмаил Махмұдты әскерді басқарудан айырмақ болғанда, ол Ғазнауиді қоршап, Исмаилды берілуге мәжбүр етті. Махмұд Гендукушты өтіп, Ғазнауиге орналасты. Ол сол кездегі Хорасан аймағына барып, 998 жылы өзін жаңа әулеттің негізін салушы деп жариялады, сол кезден бастап ол Хорасанның әмірі болады.

Ол теріс жүрушілерге қарсы джиһад туын көтеріп, бірнеше жаулап алу жорықтарын жасап, бүкіл Шығыс Иранды, Ауғанстан аймақтарын, Үндістанның батыс бөлігін, Хорезмды жаулап алады. Содан бастап қол астындағыларға шариғат тәртібін орнатты. Жерді толығымен мемлекет меншігіне айналдырып, қала ақсүйектерінің табысына қатаң бақылау орнатуға тырысты. Ол Солтүстік Үндістанға Ислам дінін тарату мақсатымен 17 рет жорық жасайды. Осы жорықтары үшін «Ғазиз» деген атақ алды. Махмұд өз сарайына мұсылман ғұламаларын топтастырып, олардың ғылыммен айналысуына үлкен мүмкіндік туғызды.

Пікірлер