Әмір Темірдің сүйікті қаласы – Самарқан

Самарқан – Өзбекстанның, тіпті әлемдегі ең көне қалаларының бірі. Ол біздің заманымызға дейін 700 жылдары құрылды. Тарихта әйгілі Әмір Темірдің империясында астанасы болған. Алғаш Өзбек КСР-інің астанасы болған. Қазіргі таңда Самарқан облыс орталығы болып саналады.

1970 жвлв Самарқанның 2500 жылдығы аталып өтілді. Самарқанның ежелгі Афрасиаб атанған солтүстік-шығыс бөлігінде қала тарихының мұражайы, Шаһи Зинда ғимараты, Бибі ханым мешіті сияқты тамаша сәулет ескерткіштері шоғырланған. Ескі Самарқанның орталығында Регистан, Гүр Әмір, Ақсарай, Рухабат Ишарат хан мазарлары және өзге де ескі мешіттер орналасқан. Самарқанда Жалаңтөс Баһадүр салдырған “Ширдор” медресесі өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Онда машина жасау зауыты, жеңіл өнеркәсіп фабрикасы, химиялық комбинат, 4 театр, 6 жоғары оқу орны бар. 
Орта Азияның ең шырайлы қаласы саналатын Самарқанды көрмеген болсаңыз, бағдарламаға үңіліп, бізбен бірге саяхат жасаңыз.

Пікірлер