Жер бетіндегі ең көне көл – Балқаш

Қазақстантанда аумағы бойынша Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында тұрған алып көлдердің бірі – Балқаш. Балқаш көлі Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Көлдің солтүстігінде Қазақ соқпақтары, батысында Бетпақдала оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм құмдары қоршап жатыр. Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көл болып саналады.

Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде молююскілер, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, олар: Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы, сазан, көксерке және т.б.

Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген.

Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі – жартылай тұщы, жартылай тұзды. Мұның құпиясы неде? Бұл сұрақтың жауабын бағдарлама барысында біле аласыздар.

Пікірлер