Жетісу – жеті өзен өлкесі

Қазақстанның бұл өңірі табиғи көркем жерлерге бай және көп ғасырлық тарихы бар. Көне халық мәдениеті бұл жерде көптеген археологиялық ескерткіштерде көрініс тапқан. Орта ғасырларда бұл жерде егіншілік пен сауда орталығы болған. Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және 220 мың шаршы км-ден астам аумақты алып жатыр. Бұл жердің табиғи сұлулығы таңғаларлық. Жылдың қай мезгілі болмасын бұл өлке өзінше көрікті. Егер сіз Алматы облысында көктем мізгілінде болсаңыз, қызыл қызғалдақпен көмкерілген кілем жамылған кең дала төсін көре аласыз. Халық арасында Алматы облысын Жетісу деп атайды. Себебі бұл өлкемен 7 өзен ағып өтеді. Олар өлкеге тіршілік нәрін береді.

Шөл даладан бастап мәңгі қар басқан аймақтарға дейін бұл өлкенің ғажап табиғаты туралы, аймақтың өмірі, сондай-ақ туристерге нені көрсетуге болатындығын бағдарлама барысында көре аласыздар.

Пікірлер