Сербтер: ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі мен мәдениеті

Бағдарламамыздың түсірілім тобы Сербияның ең ерекше қалаларының бірі Гучаға аттанды. Онда жыл сайын 4 бойы кернешілердің дәстүрлі фестивалі өткізіліп тұрады. Биыл бұл айтулы шара 58-ші рет ұйымдастырылған екен.

Жалпы Қазақстанда серб ұлтының өкілдерінің саны көп емес. «Сербия мен Қазақстан елдерін салыстырсақ, екі ел де халқының көпұлтты болуымен, әртүрлі мәдениеттердің тоғысуымен ерекшеленеді. Осы жағынан келгенде бізге үйренісіп кету қиынға соққан жоқ», - дейді Сербияның Қазақстандағы елшісі Владан Матич.

Негізі тарихта Сербия елі Осман империясының бір бөлігі болып келді. Сондықтан Сербия Шығыс мәдениетімен бітек қайнасып жатыр деуге болады.

Бағдарламада фестиваль барысында серб ұлтының ұлттық тағамдары, ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдері, салт-дәстүрі және өнері туралы баяндалады.

Пікірлер