Электрондық үкіметтің қызметі және мүмкіндіктері

Дамыған елдердегі заманауи азаматтық қоғам мемлекеттің сандық жүйесіне негізделеді. Ол әлеуметтік маңызы бар сұрақтарға тез әрі ыңғайлы әдіспен жауап алуға мүмкіндік береді. ТМД елдері ішінде Қазақстан тұңғыш рет 2016 жылы азаматтарға арналған үкімет корпорациясын құрып, мемлекеттік қызмет көрсету саласына электрондық жүйені енгізді. Қазір бұл мекеме Канададағы Canada Service және Аустралиядағы Centrelink  деп аталатын мемлекеттік қызмет үлгісімен жүретін жалғыз провайдер. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жүйе арқылы халыққа қызмет көрсететін орталықтарың барлығын біріктіріп отыр. Яғни электронды үкімет порталына кіріп, әрбір азамат керекті құжатын электронды форматта ала алады.

Қазіргі күні «Азаматтарға арналған үкімет» бойынша мемлекетте 300-ден аса озық үлгідегі кеңсе жұмыс істейді. Оның ішінде он бесі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы болса, жетеуі миграциялық және төртеуі сандық жүйеге өткен орталықтар. Тоғыз мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын қырық миллионнан астам қызмет түрін көрсетеді. Шалғайдағы ауылдарға мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында жетпіс мобильді орталық жұмыс істейді.

Телеграм бот деп аталатын қызмет арқылы үйден шықпай, электронды қолтаңбасыз кез келген ыңғайлы уақытта қызмет түрін пайдануыңызға болады. Электрондық қызметтің өзге де мүмкіншіліктері туралы бағдарлама барысында толығырақ біле аласыздар.

Пікірлер