«Алтын адамның» Оңтүстік Кореяға сапары

Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған «Алтын адам» Ұлттық Музейде сақтаулы. Ғылыми түрде қазақ «Тутанхамоны» аталған құнды экспонат ұзақ жылдар бойы ел шекарасынан асқан емес. Бүгінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық музейдің бірлескен жобасы аясында «Алтын адамның» әлем елдеріне шеруі басталды. Ұлттық музей қызметкерлерінің қажырлы еңбектері ерекше құрметке ие. 

«Алтын адам» өзінің ұзаққа созылған шеруінде Беларус, Ресей, Әзербайжан, Қытай және Польша елдерінде болып қайтты. Бұл жолы экспонат Оңтүстік Корея Республикасына  жол тартты.

Пікірлер