Ең дәмді әрі жұмсақ стейкті бірге пісірейік!

Стейк – еттен дайындалатын өте дәмді тағамдардың бірі. 10-15 минутта өте нәрлі болып қуырылатын стейктерді көбіне арнайы дүкендерде бұқаның жон етінен дайындайды. Бағдарлама жүргізушісі рибай стейкін жаңа сойылған жас малдың етінен дайындайтын болады. Айта кетерлігі, ет кем дегенде 21 күн ферменттелуі тиіс, ылғал немесе құрғақ ферментация болса да жарайды.  Онсыз мүмкін емес. Ферменттелмеген ет қанша қуырсаңыз да қатты болып піседі. Ал ондай етті стейк деп айтуға келмейді екен.

Бүгінгі бағдарламада нәрлі стейктер мен дәмі тіл үйіретін гамбургерлер әзірленеді. Алматы облысының аумағының көрнекті жерлерінің бірінде, ашық аспан астында, көмірдің шоғында, грильде қуырылатын стейктің дайындалу тәсілін бірге тамашалаңыздар!

Пікірлер