Жарамсыз тұрмыстық техника қалдықтарын жою

Әдетте қарапайым тұтынушылардың көпшілігі ескірген теледидарын немесе тозығы жеткен мониторын қоқысқа апарып тастап жатады. Алайда олардың бұл әрекеті мүлдем дұрыс емес. Өйткені тұрмыстық техниканың құрамында адам өміріне, сыртқы ортаға зиянды химиялық элементтер бар.   

Кеңсе техникасының біраз бөлігі пластиктен жасалады, сондай-ақ оның  ыдырауына өте көп уақыт керек екені бесенеден белгілі. Жарамсыз болып, қоқысқа тасталған дүние ең алдымен жерге сіңеді, содан кейін топырақ бойлап, суға да жетеді. Осылайша Жер Ана ластанып, экологиялық мәселеге айналады.

Павел Мухин қоршаған ортаны сақтап қалудың амалын тауып қана қоймай, оны пайда көзіне айналдырған. Қалдықтарды жою – экологиялық бизнес қана емес, тиімді кәсібі болып отыр.

Пікірлер