Қазақстандағы корей диаспорасы

Қазақстанға алғашқы корейлер 1920 жылы күріш өсіретін диқан ретінде келді. Бірақ олардың жаппай қоныстануы 1937 жылы стадиндік қуғын-сүргіннің кезінде орын алды. Сол жылдары Қиыр Шығыстан Орталық Азияға жүздеген мың адам жер аударылды. Қазақстанға ауыр тағдыр арқалап келген кәріс ұлты өздеріне берген атаулары бойынша «корео-сарам» тілі мен мәдениетін сақтап қалды. Бүгінде кәрістердің ең көп шоғырланған жері – Алматы қаласы. Сондай-ақ онда Корей академиялық музыкалық театры жұмыс істейді. Бағдарлама шығарылымы Қазақстанда тұратын корей қауымдастығымен таныстырады.

Пікірлер