Алматылық Максим Барышевтың есепшілерге арналған стартап-жобасы

Алматылық Максим Барышев өзінің алғашқы стартапын іске қосқалы біраз жылдың жүзі болыпты. Ол 2007 жылы өзінің бар қаражатын есепшілерге арналған Uchet.kz консалтингтік сервисін жасауға бағыттаған. Бұған  5 мың доллар қажет болыпты. Платформаны дамыту үшін кәсіпкер тіпті өзінің көлігін де сатып жіберген. Максимнің айтуынша, ол кезде ақшасы аз болғанымен, болашақтан үміті мол болған. Бұл үміт ақталды. Бір жыл ішінде жоба 5 есе артық табыс бере бастаған. Қазірде оның жылдық айналымы 1 млрд теңгеге жетіп отыр.

Сондайқ-ақ бизнес процестерді оңтайландырып, кеңсені жалға алуға жұмсалатын шығынды азайту үшін компания басшылығы тұңғыш қазақстандық экологиялық кеңсе құрылысын қолға алған. Алматы орталығында ауданы 1200 метр болатын 6 қабатты үй бой көтерді. Ол қалалық жылу және электр желісінен тек жартылай қуат алады. Ал қалған бөлігі баламалы энергия көздерінен. Осылайша бухгалтерлік эко жүйе ортасында жаңа профильдік жүйе пайда болуда.

Максимнің жасаған платформасын қанша адам қолданады? Сервитсің рейтінгісі қандай? Көпқабатты эко-офиистің ерекшелігі неде?

Пікірлер