Нан өнімдері және қазақстандық наубайшылар

Әлемнің барлық тұрғынына шаққанда, бір адам орташа есепппен жылына 50 келіге жуық нан жейді екен. Бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі. Сондай-ақ әр халықтың қалауы да әр басқа. Мысалы, Ұлыбритания халқының жартысына жуығы (44%) ақуызы мол нанды таңдайды, өйткені мұндай өнімдер денсаулыққа аса зиян емес. Мүкжидек, апельсин тілімдері мен нағыз шоколад қосып пісірілген нан өнімдері пайдалы дәрумендерге бай. Ал Ирландия, Польша сынды елдердің наубайшылары өз рецептеріне астық дақылдары мен дәнді дақылдарды жиі пайдаланады, сондай-ақ олар – қызанақ, сәбіз, және тәтті бұрыштарды да қосып пісіреді. Соңғы кезде мұндай нан өнімдеріне сұраныс барынша артқан. Еуропада мұндай дәмді нанның құны 1,5 АҚШ доллардан басталады. Ал біздің елде аталған нан өнімдері негізгі ас болып саналмайды, алайда, оны сүйіп жейтін отандастарымыз аз емес. Негізінен жергілікті тұрғындар қарапайым қарабидай ұнынан дайындалатын нан мен бидай нанын сатып алады.

Наубайшылық ғасырдан ғасырға келе жатқан игілікті кәсіп. Бүгінде ол тек тамақ өндірісінің негізгі жолы ғана емес, жылдам дамитын, болашақта мол табыс көзіне айналатын іскерлік. Бұл туралы Юрий Югай бүге шігесіне дейін біледі. Он жылдан аса осы істің басы қасында жүріп, қыр- сырына қаныққан ол, бүгінде бар ауыртпашылықты артқа тастап, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Бүгінде Юрий Югай компаниясының екі бірдей дербес бөлімшесі бар және олар Қазақстанның ең ірі сауда дүкендерін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп жатыр. Жұмыс үдерісінің 70 пайызы автоматтандырылған, ал қалған бөлігін өз ісін жетік меңгерген мамандар тындырады, олардың саны мұнда 100-ге жетеді. Алдағы жоспар – сытқы саудаға шығу.

Пікірлер